«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.-дан» 10 млрд. теңгеге жуық қаржы мемлекет бюджетіне өндірілді - Бас прокуратура

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас прокуратура жүргізген талдаудың нәтижесінде «ҚПО б.в.» қазақстандық филиалының газды нормативтен артық жаққандығы анықталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.-дан» 10 млрд. теңгеге жуық қаржы мемлекет бюджетіне өндірілді - Бас прокуратура

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы енгізген қадағалау актісі бойынша аталған заңды тұлға 2,27 млрд. теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл төледі, сондай-ақ қоршаған ортаға келтірілген шығын ретінде сот тәртібімен 7,3 млрд. теңге өндіріліп алынды.

Өндірілген қаражат толықтай мемлекет бюджетіне түсті.