«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» консорциуымына қатысушылар Қарашығанақ мұнай-газ конденсатын игерудің үшінші кезеңін кейінге ысырғысы келеді ? С. Мыңбаев

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» консорциуымына қатысушылар Қарашығанақ мұнай-газ конденсатын игерудің үшінші кезеңін кейінге ысырғысы келеді.
None
None
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ағымдағы жылы Қарашығанақ кен орнын игеруге байланысты үшінші кезеңді жүзеге асыру мәселесін нақтылап алу қажеттігі туындап отыр. Өйткені, елімізде қызмет ететін бірқатар ірі шетелдік компанияларды біріктіретін «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» консорциумының қатысушылары Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнын игерудің үшінші сатысын жүзеге асыруды кейінге шегеруді өтінген болатын. Оның үстіне «British Gaz Group» пен «Аджип» компаниялары да дағдарыс жағдайында қиын-қыстау кезеңді бастарынан өткеріп отырған сыңайлы. Жалпы бұл мәселе биылғы жылдың екінші жартыжылдығында шешілуі мүмкін деп жоспарлап отырмыз», - деді Энергетика және минералдық ресурстар министрі.
Соңғы жаңалықтар