18:57, 24 Мамыр 2016 | GMT +5
«Қарашығанақтың» құбырлары кестеге сай ауыстырылады - Қ.Бозымбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қарашығанақ» кен орнында өндірістік нысандарды іске қосу және кен орнындағы мұнай-газ құбырларын ауыстыру жұмысы кестеге сай жүргізіліп жатыр. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті.

«Қарашығанақ» кен орнында өндірістік нысандарды іске қосу және кен орнындағы мұнай-газ құбырларын ауыстыру жұмысы кестеге сай іске асып келеді. Рұқсат беру құжаттарының барлығы тексеріліп жатыр. «Қарашығанақ» кен орны 2016 жылдың соңында іске қосылады деп жоспарланған. Жоспар бұзылатындай кедергілер әзірге пайда болған емес»,-деді Қ.Бозымбаев.
Бұл ретте, Қазақстанның энергетика министрі әлемдік дағдарыс тудырған қиындықтарға тоқталды.
«Әлемдегі дағдарыстың салдарынан біраз елдердің экономикасы қиындыққа тап болды. Энергия ресурстарына деген сұраныс азайып, өндірістердің қуаттылығы төмендеді. Дегенмен, Қазақстанда дәл мұнай газ саласының өндірістік қуаты азайған жоқ»,-деді Қ.Бозымбаев өз сөзінде.