Қарасора - семіздік және сусамыр ауруларына қарсы препарат жасауға таптырмас шикізат
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Ұлыбританиялық GW Pharmaceuticals компаниясы мамандарының жануарларға жүргізген сынағы нәтижесінде қарасораның семіздік және сусамыр ауруларына қарсы препарат жасауға таптырмас шикізат екендігі расталды.
Мамандар қарасора құрамынан тетрагидроканнабиварин және каннабидиол қосындыларын анықтады. Бұл заттар адам ағзасы шығындайтын қуатты арттырып, біршама уақытқа тәбетті ашады. Сонымен бірге олардың әсерінен ағзадағы май деңгейі мен оның инсулинге байланысты өзгерісі реттеледі. Жануарларға қатысты жүргізілген сынақ қарасора құрамындағы қосындылардың сусамырмен ауыратын ағзаны жақсартатынын көрсетті. Олар қан құрамындағы холестерин мен бауыр сияқты ішкі органдардағы май деңгейін азайтқан, гормон бөлуші жасушалар жақсы қорғалған. Қазір бұл заттардың 200 науқасқа әсері зерттеліп жатыр. Сынақ оң нәтиже берсе, метаболизм синдромынан қорғайтын дәрі-дәрмек жасалмақ, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.