«Қарасу» компаниясының әлеуметтік жобалары 1,5 млрд. теңгеден асты - Алмат Тұрсынов
Компанияның күшімен Қарасу өзенінің арнасы тазартылып, батпақтанудан құтқарылды. Сонымен қатар «Қарасу» ЖШС қаржысына аудан орталығында жасыл белдеу жаңғыртылды. Атап айтқанда, жыл сайын осында жергілікті климаттық жағдайға бейімделген ағаш түрлері отырғызылады.
Жеке компанияның қаржыландыруымен 50 тұрғын үй, 40-тан астам пәтер, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі салынды және қайта жаңғыртылды. Кәсіпорын басшысы Алмат Тұрсынов компания барша Қарасу ауданы экономикасында локомотив ретінде қызмет етуіне мақсатты түрде талпынуда. Сондықтан да компания жаңа технологияларды орнатып, бизнесте қазіргі заманғы модельдерді енгізуде, сондай-ақ инновациялық ғылыми зерттемелерді белсенді пайдалануда.
«Біздің компания ет кластері идеясын 100 пайызға жүзеге асырды. Біз барша өндірістік тізбекті қадағалап отырмыз, яғни малды өсіруден бастап, деликатес етті мейрамханаларға жеткізуге дейінгі шаралар қамтылуда. Сонымен бірге мал шаруашылығының қалдықтары биогазға өндірудеміз. Шірінді көңнен биоотынды өндіру кешенін біз ертеректе салған едік, дегенмен барлығын ретке келтіргенше бірнеше жыл уақыт өтті. Енді осы қондырғыны «EXPO -2017» көрмесінде таныстыруға дайынбыз»,-деді А. Тұрсынов.
Бүгінде «Қарасу» СӨК 350 мың гектардан астам егістік жерлерді өңдеуде. Соңғы буынды агротехнологиялардың арқасында компания жыл сайын бидайдың жоғары шығымдылығын қамтамасыз етіп отыр. Егістік жерге күтіммен қараудың арқасында қарасулық аграрилер топырақ құрамының құнарсыздануы мен тозуы үдерісін тоқтатуға қауқарлы болды.
А. Тұрсынов қазіргі кезде бірінші кезектегі мақсаттардың ішінде құрылысы аяқталып, іске қосылған өндірістерді нығайтуға ерекше назар аударуда.
«Ет кластері, бидай, экспортқа жұмыс істеу бағытында ауқымды шаралар қамтылып отыр. Осы ретте жаңа логистикалық бағыттарды ашатын боламыз. Тауарларымызды ойыншық етіп, оларды тұтынушылар үшін қымбатқа саудалап отырған делдалдармен күресу керек. Біздің мақсат сауатты маркетинг пен тиімді менеджмент арқылы өндірушілер есебінен пайда тауып отырғандарды нарықтан ығыстырып шығаруға негізделген. Ең бастысы мемлекеттің қолдауын сезініп отырмыз. Бүгінде мемлекет барлық маңызды мәселелер бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кеңесуде. Бұл бағыттағы қадамдар дұрыс деп ойлаймын, себебі жұмыстың осындай іскерлік режімде жоғары нәтижелер көрсетуге мүмкіндік бар»,-дейді компания басшысы.
«Қарасу» компаниясы тобы технологиялық өзара байланысқан бірнеше кәсіпорынды біріктіріп отыр. Оның құрамында 3 ірі мал шаруашылықтары, 9 - астық кәсіпорны, 2 - жоғары сапалы ұнды өндіретін кәсіпорын, сондай-ақ ет өңдейтін кәсіпорын жұмыс істеуде.
Екі элеватор мен дамыған астық қабылдайтын кәсіпорындар желісі бағаның ауытқуларына тәуелділікті төмендетуге, астықтың сапасы мен оны сақтаудағы тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік беріп отыр.
Компанияның әрбір қатысушысы қуатты өндірістік базаға және ауыл шаруашылығындағы жаңа жабдықтарға ие. Ондағы үш мал шаруашылықтары асыл тұқымды мал түрлерінің республикалық палаталарында тіркелген. «Қарасудың» машиналар паркі мен ауыл шаруашылығы техникасының механизмдері жалпы 1 мың данаға жетіп отыр. Компанияда 3 мыңнан астам жоғары білікті мамандар еңбек етуде.