«Қарасу» шекара бекетінде 90 млн теңгенің құжатсыз электронды темекісі анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы «Қарасу» шекара бекетінен 90 млн дерлік теңгенің электронды темекісін алып өтпек болған шетелдік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None

«27 ақпанда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Қарасу» автокөліктік өткізу пунктінде бақылау жүргізу барысында ілеспе құжатсыз 90 млн теңгеге жуық сомаға электронды шылымның ірі партиясын өткізбек болған шетелдік азамат ұсталды. Ол әрі қарай тексеру үшін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелеріне берілді», - делінген ресми мәлімдемеде.


Соңғы жаңалықтар