«Қаратау» ААҚ-ның бұрынғы қызметкерлеріне өтемақы төленетін болды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен, сондай-ақ сот органдарының шешiмдерi негiзiнде «Қаратау» ААҚ бұрынғы қызметкерлерiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу үшiн республикалық бюджет қаражаты есебiнен тиiстi төлемдердi жүзеге асырады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

«Қаратау» ААҚ-ның бұрынғы қызметкерлеріне өтемақы төленетін болды
Фото: Александр Павский / Kazinform

— Ағымдағы жылдың 19 тамызындағы жағдай бойынша «Қаратау» ААҚ бұрынғы қызметкерлерінің көпшілігі республикалық бюджеттен төлемдер алды. «Қаратау» ААҚ-ның бұрынғы қызметкерлері сот шешімдері бойынша төленетін төлемдерді алу үшін растайтын құжаттарды тапсырып, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиісті өтініш беруі қажет, — делінген хабарламада.