Каратэ бойынша АҚШ-тағы жарыстан 14 жүлде алған қазақ балалары марапатталды (ФОТО)

Үш халықаралық жарыс, «Junior Chempionship», «USA Open 2016» және «Ozawa Cup 2016» турнирлеріне қатысқан Қазақстанның жас каратэшілері 3 алтын, 6 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.
«Балалар болса да, біздің еліміздің Туын көтеріп, шет елде Қазақстанды танытып жатыр. Міне, болашақ Олимпиада чемпиондары - осы балалар»,-деді спортшыларды құттықтаған Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов.
Сонымен, жеңімпаздарды атар болса, «Junior Chempionship 2016» турнирінде 10-11 жас аралығында жеке кумите бойынша Кан Данил 1-орын, осы жас ерекшелігі бойынша Әлкей Ахметжанов 2-орын, Әлішер Қабдуллаев 2-орын, Сержан Жаңбыршин 3-орын иеленген.
«USA Open 2016» турниры бойынша Қуаныш Қайсар, Сержан Жаңбыршин, Кан Данил командалық есепте 2-орын, Әлкей Ахметжанов 3-орын, Кан Данио 3-орын иеленді. Ал, «Ozawa Cup 2016» жарысында Қайсар Қуаныш 3-орын, Сержан Жаңбыршн 1-ші орын, Әлкей Ахметжанов 1-ші орын, Кан Данил 3-орын иеленді.