Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Каратэ: Данияр Юлдашев Дубайда премьер-лига финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дубайда Karate 1 Премьер-лигасы өтіп жатыр. Аталған жарыста ерлер 84 келіге дейін және 84 келіден жоғары, әйелдер 68 келі және одан жоғары салмақта бақ сынауда, деп хабарлайды Olympic.kz.

Каратэ: Данияр Юлдашев Дубайда премьер-лига финалына шықты

84 келіге дейінгі сақмақта қатысып жатқан қазақстандық каратеші Данияр Юлдашев финаоға жолдама алды. Финалға дейін ол Әзірбайжан спортшысын 6:3, Ресейлік спортшыны 8:0, Франция өкілін 3:1, жартылай финалда Македония каратешісін 6:0 есебімен жеңді. Енлі отандасымыз финалда Иран спортшысы әлем чемпионы Пуршабпен кездеседі.

Сондай-ақ, жарыстың алғашқы күнінде ерлер арасында 75 келіге дейінгі салмақта жүлдені сарапқа салатын спортшылар белгілі болды. Қазақстандық Ермек Айназаров қола жүлде үшін кездесу өткізеді.