Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Карате: Дархан Асаділов Дубайдағы турнирдің финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Дубайда каратеден Премьер-лига турнирінің биылғы маусымдағы екінші кезеңі өтуде. Жарысқа әлемнің 86 мемлекетінен 800 спортшы қатысуда, деп жазады Olympic.kz.

Карате: Дархан Асаділов Дубайдағы турнирдің финалына шықты

Қазақстан командасының мүшесі Дархан Асаділов 60 келіде турнирдің финалына жолдама алды.

Қазақстан құрамасының үздік спортшысы бірінші кездесуінде тунистік каретешіні 6:2 есебімен жеңді. Грузиялық қарсыласымен өткен екінші айқас 2:0 есебімен Дарханның пайдасына аяқталды.

Ал үшінші жекпе-жекте Асаділов Париждегі Премьер-лига жеңімпазы, ирандық Маджидтен 4:1 есебімен басым түсті.

Жартылай финалда Дархан әлемдік рейтингте екінші орында тұрған түркиялық Самдан Ерайды бір ұпай айырмасымен жеңіп, финалға өткен болатын.

Барлық салмақ дәрежесі бойынша финалдық бәсекелер жексенбі күні өтеді.