Каратэден Азия ойындары ел намысын кімдер қорғайды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан каратэ федерациясы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.
Бапкерлер штабының бекіткен тізіміне алты спортшы кірді.
Ерлер:
55 келіге дейін: Жоламан Биғабыл;
67 келіге дейін: Олжас Алтынбек;
75 келіге дейін: Нұрқанат Әжіқанов.
Әйелдер:
55 келіге дейін: Бэлла Самашева;
61 келіге дейін: Әсел Қанай;
68 келіден жоғары: Софья Берульцева.
Айта кетейік, жазғы Азия ойындарында каратэ бәсекелері 20-23 қыркүйек аралығында өтеді.
Еске салайық, мұның алдында спорттық құзға өрмелеуден Азия ойындарына елімізден төрт спортшы қатысатынын жазған едік.