Каратеден Мөлдір Жаңбырбай мен Андрей Актауов Азия чемпиондары атанды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық қос атлет каратеден Азия чемпионатының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Каратеден Мөлдір Жаңбырбай мен Андрей Актауов Азия чемпиондары атанды

Қазақстан құрамасынан Мөлдір Жаңбырбай мен Андрей Актауов топ жарды.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мөлдір Жаңбырбай үздік атанды. Ол финалда филиппиндік Джун Цукті ұтты.

Ал ерлер арасынла 55 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Андрей Актауов финалда арабиялық Барги Ясирден басым түсті.