Каратэші Данияр Юлдашев Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

каратэ
Фото: sports.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Данияр Юлдашев күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем біріншілігінің қола жүлдегері, екі мәрте Азия чемпионы Д.Юлдашев 84 келіге дейінгі салмақта соңғы бәсекеде малайзиялық Бин Аб Маликпен алтын жүлдені сарапқа салды.

Малайзиялық каратэшінің атақ-дәрежесі аздау болғанымен, 3:0 есебімен алға кетті. Ақыры сол басымдылығынан айырылмай, айды аспанға шығарып, чемпион атанды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын каратэші Данияр Юлдашевтің Азия ойындарының алтыны үшін таласатынын жазған едік.

Сондай-ақ олимпиада жүлдегері Софья Берульцева Азия ойындарының финалына шықты.

 

Соңғы жаңалықтар