Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Каратэші Қайсар Алпысбай Азия ойындарының финалына шықты

  Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Қайсар Алпысбай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Каратэші Қайсар Алпысбай
Фото: instagram.com/qazsport_official

Қазақстандық каратэші 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда индонезиялық Ари Сапутраны 12:3 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, Қайсар Алпысбай финалға жолдама алып, алтын үшін таласатын болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын каратэші Нұрқанат Әжіқановтің Қазақстан қоржынына сегізінші алтын медальді салғанын жазған едік.

Сондай-ақ Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті.

Кеше каратэші Лаура Әліқұл да финалға дейін жетіп, күміс жүлдені олжалаған болатын.