Каратэшілер республикалық дода жолдамасын сарапқа салмақ
АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Еліміздің үздік каратэшілері бүгін Елордада бас қосты.
Киокушинкай каратэдан VII аймақтық ашық чемпионатқа 300-ден астам шығыс жекпе-жегінің шеберлері жиналды. Балалар, жасөспірімдер және жастар арасындағы бәсеке 29 салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Сонымен қатар, спортшылар 7 жас деңгейіне бөлінген. Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстаннан келген үміткерлер республикалық доданың жолдамасын да сарапқа салмақ. Ал киокушинкай каратэдан ел біріншілігі 2014 жылдың сәуірінде Қызылорда облысында өтеді, деп хабарлайды 24.kz.