Каратешілеріміз Одессадан 17 медаль әкеле жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның Одесса қаласында өткен Карате-киокушинкай бойынша Әлем чемпионатында қазақ спортшылары әр деңгейдегі 17 медальға қол жеткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Карате-киокушинкай Республикалық Ұлттық федерациясына сілтеме жасап.
Спортшыларымыз жалпы есепте 12 алтын, 4 күміс және 1 қола медальды жеңіп алды.
Жеңімпаздардың тізімі төмендегідей:
12-13 жас қыздар 45 келіге дейін Кемелбекова Кәмила 2 орын( Жамбыл облысы),
12-13 жас 40 келіге дейін Қуаныш Датқа 1-орын ( Жамбыл облысы),
12-13 жас 45келіге дейін Глеб Гуров 3-орын (ШҚО),
12-13 жас 50 келіге дейін Әжібек Медет 1-орын (Алматы облысы),
14-15 жас 45 келіге дейін Диас Қостыбаев 2-орын (ШҚО),
14-15 жас 50 келіге дейін Рахат Жанғабылов 1-орын (Астана),
16-17 жас 50 келіге дейін Айбек Шаукилов 1-орын (Қызылорда облысы),
16-17 жас 60 келіге дейін Асхат Галеев 1-орын (Ақмола облысы),
16-17 жас 50 келіге дейін Мәдина Сауытова 1-орын (Астана),
+18 жас қыздар 55 келіге дейін Нарқыз Ұзақбаева 1-орын (Ақмола облысы),
+18 жас қыздар +70 келіге дейін Әлемгүл Сабырхан 1-орын (Ақмола облысы),
+18 жас ерлер 60 келіге дейін Жәнібек Темірлан 1-орын (Астана),
+18 жас ерлер 70 келіге дейін Әлішер Кәрменов 1-орын (Астана),
+18 жас ерлер70 келіге дейін Данияр Әлимусинов 2-орын(Астана),
+18 жас ерлер 80 келіге дейін Андрей Котов 1-орын (Атырау облысы),
+18 жас ерлер 80 келіге дейін Нұрлыхан Сәдуақасов 2-орын(Астана),
+18 жас ерлер + 80 Никита Гарас 1-орын( Қарағанды облысы).
Ұлттық құрама мінген ұшақ 30 қаңтар күні сағат 3.35-те «Нұрсұлтан Назарбаев» атындағы әуежайға қонады. Жеңімпаздарды қарсы алып құрмет көрсетуге болады.