Караваджоның соңғы картинасы 20 жылдан кейін алғаш рет көрмеге қойылады

караваджо
Фото: Euronews

АСТАНА. KAZINFORM – Барокко өнерінің негізін салушылардың бірі саналатын итальяндық шебер Караваджоның соңғы суреті Лондонда 20 жылдан кейін алғаш рет көрмеге қойылады, деп хабарлайды Еuronews. 

Ұлттық галереяның «Соңғы Караваджо» атты жаңа экспозициясы соңғы жұмысын салған кезде кісі өлтірді деп айыпталып, қашып жүрген суретшінің шығармашылығын ұсынады. 

Караваджоның соңғы жұмысы — «Әулие Урсуланың азабы» 1610 жылы салынған.

Сол жылы суретші кісі өлтірді деп айыпталып, сосын папаның кешірімінен кейін Римге қайтып келе жатып қайтыс болады. 

Жүздеген жылдар бойы бұл картина Караваджо ізбасарларының бірінің туындысы деп есептеліп келді.

Бірақ оның шынайы шығу тегі 1980 жылдары белгілі болды. 

«Соңғы Караваджо» көрмесі 18 сәуір бен 21 шілде аралығында Лондон ұлттық галереясында өтеді. Көрмеге кіру тегін.

Соңғы жаңалықтар