Қаражалда 160 орындық спорт кешені салынады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Қаражал қаласында қазіргі заманғы құралдармен жабдықталған 160 орындық жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 «Біз Қаражал қаласындағы 160 орындық дене шынықтыру- сауықтыру кешені құрылысының жоба-сметалық құжаттарын дайындауға кірістік. Кешенде бокс, қазақша күрес сияқты өзге де танымал спорт түрлері дамитын болады. Жақында біз жобаны мемлекеттік сараптамаға жібереміз. Келесі жылы біз аталған кешенді өзіміздің қаламызда саламыз деген ойдамын»,-деді қала әкімі Тілектес Досаев. 


Бұған қоса, аймақтағы мектептердің бірінің айналасынан қазіргі заманғы талаптарға сай футбол стадионының құрылысына 43 млн теңге бөлінді. Онда баскетбол және волейбол алаңдары болады. Болашақта мұндай стадиондар барлық жалпы білім беру мектептерінде салынатын болады.

Соңғы жаңалықтар