Қаражалда коронавирусқа қарсы екпе алғандар арасында үшінші ұтыс ойыны өтеді
ҚАРАЖАЛ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Қаражал қаласында коронавирусқа қарсы вакцина салдырған тұрғындар арасында лотерея ұйымдастырылды. Тұрмыстық техника түріндегі жүлделерді Қаражалдың 6 тұрғыны алды. Микротолқынды пештер мен баяу пісіргіштер ойнатылды. Тағы үш сыйлық бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Акция 1 маусымда басталды. Оған қатысу үшін ұйымдастырушылар вакцинаның екінші компонентін алғандардан электрондық иммундау паспортын сұрады.
Ол үшін Қаражалда немесе Жәйрем ауылында екпе алу керек. Ұтыс ойынының бірінші кезеңінде 150-ден астам адам вакцина алған.
15 маусымда барабанның көмегімен алғашқы үш жүлдегер анықталды.

Келесі үш сыйлық 30 маусымда ойнатылды. Бұл жолы 300-ден астам қатысушы болды. Олардың тегі вакцинацияланғандардың жалпы базасынан алынды.
Ұтыс ойындары Қаражал мәдени-сауық орталығының @karazhal.mso Instagram ресми аккаунтында тікелей эфирде өтті.
Оның барысын арнайы комиссия бақылап отырды. Бас демеуші «Евростандарт Аква» компаниясы болды.

КВИ-ға қарсы вакцина алғандар арасында үшінші лотерея ұтыс ойыны 30 шілдеде өтеді.
Тізімдер вакцинация пункттерінің деректері негізінде жасалады. Қатысу үшін 1–30 шілде аралығында Қаражалда немесе Жәйремде екпе жасау қажет.
Бүгінгі таңда вакцинаның бірінші компонентін 5 231 адам алды, бұл тұрғындардың жалпы санының 62,85% құрайды.
Екіншісін – 2 085 адам немесе халық санының 25,05% алды.
