Қаражат тапшылығынан прагалық «Лев» ҚХЛ чемпионатына қатыспайтын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы Гагарин кубогiнiң финалисi Праганың "Лев" хоккей клубы қаржылық кепiлдеменiң жоқтығынан алдағы ойын маусымына қатыспайды, деп хабарлайды Құрлықтық хоккей лигасының баспасөз қызметi.

Қаражат тапшылығынан прагалық «Лев» ҚХЛ чемпионатына қатыспайтын болды

"Өкiнiштісі, жоғары деңгейде өнер көрсетуiне қажеттi қаржының толық сомасын жинай алмағандықтан "Лев" хоккей командасы ҚХЛ-дың 2014/2015 маусымына қатыса алмайтын болды ", - дейді ҚХЛ-дың баспасөз қызметi. Бұл туралы клубтың демеушiлерi Петр Спейхал мен Евгений Мышковский мәлімдеген.

"Лев" Құрлықтық хоккей лигасының толыққанды мүшесi болып қала береді және жеткiлiктi қаржы сомасы табылғаннан кейiн олар келесi маусымға қатыса алады.

Еске сала кетейiк, Праганың "Лев" командасы 2013/2014 маусымның финалында магнитогорскiлiк "Металлургке" есе жіберіп, екiншi орынды иеленген болатын.

ҚХЛ-дың 7-ші чемпионаты 4 қыркүйекте басталады.

Ал, Қазақстандық "Барыс" хоккей клубы жаңа маусымды жаңа бас бапкер - Андрей Назаровтың жетекшiлiгiмен бастамақ.