01:07, 04 Қаңтар 2016 | GMT +5
Қарбызды қабығымен жеген бала ғаламтор жұлдызына айналды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның Мельбурн қаласында болып жатқан крикет матчы кезінде жанкүйерлердің көзіне бір бала түсті, деп жазады Лента.ру.

Алдындағы үлкен қарбызды қабығымен жеп, матч тамашалап отырған бала бейнекамераға түсіп қалады. Ғаламторға жарияланған видеоның арқасында бала әп-сәтте жұлдызға айналып шыға келді.
Шамасы, оған әкесі «қарбызды түгелдей тауыспай чипсы жемейсің» деген болса керек. Енді бірқатар телеарналар баланы өз бағдарламаларына қатысуға шақырып жатыр.