Кардиологтар Конгресінде келелі мәселелер талқыланбақ
АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 6-8 маусымда Алматыда «Инновациялық технологиялар - тәжірибелік кардиологияға!» тақырыбында ҚР Кардиологтарының IV Конгрессі өтеді.
Бұл іс-шара республиканың кардиология, интервенциялық кардиология, кардиохирургиялық қызметтерінің және жалпы денсаулық сақтау саласының дамуы үшін маңызды кезең болып табылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Конгрестің ашылуы 2012 жылғы 7 маусымда сағат 09-00-де, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, Almaty Towers бизнес-кешені, «Ball-room №1» мекен-жайында өтеді.
Ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» және ҚР Кардиологтарының қауымдастығы.
Конгреске 300-ден астам адам, оның ішінде алыс шетелдерден (Бельгия, Германия, Венгрия, Италия, Испания және т.б.) және ТМД (Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Украин және т.б.) елдерінен келген жетекші ғалымдар, республиканың барлық өңірінің денсаулық сақтау ұйымдары мен органдарының жетекшілері, кардиологтар мен каррдиохирургтер қатысады.