Қарды рұқсат етілмеген жерге төккен 22 астаналық айыппұл төледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері елордалық табиғат қорғау полициясының қызметкерлері көшедегі және жолдағы қарды рұқсат етілмеген жерлерге төккені үшін 22 автокөлік жүргізушісін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, жүргізушілерге 509 040 теңге көлемінде айыппұл салынды.
«Қысқы кезеңде қала аумағын жинау ерекшеліктері» абаттандыру Ережелеріне сәйкес, көшедегі және жолдағы қарды арнайы дайындалған алаңдарға шығару қажет.
Айта кетейік, арасында қоқысы жоқ қарды келесі мекен жайлар бойынша шығаруға рұқсат етілаген:
«Алматы» ауданы - Железнодорожный тұрғын алқабындағы әскери бөлімшенің сыртына.
«Сарыарқа» ауданы - Н. Тілендиев даңғылы, «Тайм» ЖҚС ауданы.
«Есіл» ауданы - Рождественка тас жолы, «Рубеж» бекетінің сыртында, оң жақта. Сондай-ақ, су тазартқыш құрылыстарының ауданында 27-ші көшеде балқыту стансысы.