«Карен» тропикалық дауылы туралы жаңалықтарға орай мұнайдың әлемдік бағалары өсті

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - «Карен» тропикалық дауылы Мексика шығанағынан мұнай жеткізілуін қысқартуы мүмкіндігіне байланысты мұнайдың әлемдік бағалары өсті.
None
None

Ресейлік «Жаңалықтар» агенттігінің хабарлауынша, солтүстіктеңіздік Brent Crude Oil мұнай қоспасына қараша айындағы фьючерстер 0,46 долларға көтеріліп, баррелі 109,46 долларға жетті. WTI жеңіл мұнайына қараша фьючерстерінің құны 0,53 долларға артып, баррелі 103,84 долларды құрады.

Мексика шығанағы алабында мұнай мен газ өндіретін энергетикалық компаниялар «Карен» дауылының жолындағы бірқатар нысандарды тоқтатуда. Мәселен, BHP Billiton АҚШ-тағы барлық мұнайдың бесінші бөлігін өндіретін шығанақтағы екі платформасының қызметкерлерін түгел көшіргенін хабарлады. Royal Dutch Shell, BP және Chevron компаниялары қызметкерлерін ішінара көшірілмек, бірақ олар тәуліктік мұнай өндіру көлемі төмендемейтіні туралы мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар