Қарғалардың қабілеті ғалымдарды таңдандырды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Шведтік Лунда Университетінің ғалымдары қарғалардың қабілетін тексеріп көрмек болып шешті. Ғылыми тәжірибе бес қарғаға жасалды. 
None
None

Олар торға жоғары қаратып түтік, тас, шар, ағаш сақинамен қорап орнатты. Құстар егер түтікке тас лақтырса, қораптан тағам түсетінін тез ұқты, ал шар мен сақина күткен нәтиже бермеді.

Бұдан соң қарғаларға біраз уақытқа ешбір қосымша затсыз қорап қойды. Артынан «құрылғыны» алып тастап, тас, басқа да заттар салынған подносқа ауыстырылды. 15 минуттан кейін қорап қайтадан пайда болды. Сол кезде қарғалар тағамға жеткізетін «кілтті» таңдай  алды. Цикл бірнеше рет қайталанды. Көп жағдайда қарғалар подностан тасты ғана алып отырған.

Зерттеушілер тапсырманы күрделендіріп, қорапты торға келесі күні ғана қойғанда, құстар өздеріне тасты қалдырып отырған. Эксперименттердің бірінде подносқа тас қойылған жоқ, артынша қарғалар оның орнына көк пластикалық қалпақшаны алуға болатынын ұқты. Барлық құстар қалпақшаны ала бастады. Оны алмастырғаннан кейін тағамды тастың көмегімен алды.

 Science журналында  жарияланған бұл ғылыми тәжірибеге байланысты кейбір сарапшылар қарғалардың болашақты бағамдай алатындығы жөнінде өз пікірлерін білдіруде.


 

Соңғы жаңалықтар