Қарғалы өзенінің бөгетінде тәулік бойы кезекшілік қойылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева су тасқыны қаупі болуына орай Қарғалы өзенінің бөгетін тексеріп қайтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
«Қазіргі таңда жағдай тұрақты. Су деңгейінің көтерілу қаупі де байқалмады. Сондай-ақ, бөгеттерге 24/7 тәртібімен кезекшілік ұйымдастырылды. Тікұшақпен кезекті аэровизуалды тексеру жүргізу жоспарланған», - деп жазды Назира Тоғызбаева.
Еске салсақ, Алматы облысында «Ворошилов» су қоймасының бөгеті бұзылған еді.
Салдарынан 28 адам эвакуацияланды.
Сонымен бірге, Алматыда тасқыннан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек қабылдайтын пункттер ашылғанын хабарлағанбыз.