Қарғалы өзенінде жаңа су тасқынының қаупі жоқ - ІІМ ТЖК

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 24 шілдедегі 00.30 мәліметтер бойынша Қарғалы өзеніндегі судың төменгі шығыны 2,5 м3/с.құрайды, ал қауіпті су шығыны -19,8 м3/с. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
None
None

«Алматы облысындағы гидропостар күшейтілген режімде жұмыс жасауда. Қарғалы өзенінде жаңа сел болу қаупі жоқ, делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, төтенше оқиға 23 шілде күні түнгі сағат 03:00 шамасында орын алып, көлдегі бөгеттің бұзылуынан 40 мың текше метр су асқан. Тасқын су Қарғалы өзеніне құйып, одан асқан су Алматы қаласының үш ауданын ішінара басып өтті. Соның ішінде Наурызбай ауданы сел тасқынынан көбірек жапа шегіп отыр. Сонымен бірге Қарғалы өзені бөгеті маңынан 1036 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Соңғы жаңалықтар