Кариб теңізінде 820 келі кокаин тасымалдаған кеме ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кариб теңізінде 820 келі кокаин тасымалдаған контрабандашылардың кемесі ұсталды. Оларды қолға түсіруге Канаданың Корольдік әскери-теңіз флотының Athabaskan эсминеці, сондай-ақ АҚШ және Панама кемелері тартылды.
Қарақшылар кокаинды Колумбиядан Солтүстік Америкаға тасымалдамақ болған. тәркіленген тауардың құны 24,5 млн. долларға бағаланып отыр. Athabaskan эсминеці Кариб бассейніне қыркүйек айында есірткінің таралуы мен контрабандаға қарсы халықаралық операцияларға қатысу үшін жіберілген.