Кәрім Көкірекбаев: 1 қыркүйекте 1700 оқушыға арналған төрт мектеп ашылады

None
None
 ТАРАЗ. ҚазАқпарат - «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 - білімнің үлесі» атты облыстың педагогикалық қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясында өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев, "1 қыркүйекте 1700 оқушыға арналған төрт мектеп ашылатындығын" мәлім етті.

Жаңа оқу жылы қарсаңында облыс мұғалімдерінің кездесуі «Арай Плаза» бизнес орталығында өтті, деп хабарлайды zhambyl.gov.kz .  

 Аймақ басшысы қазіргі уақытта адами капиталды дамыту бірінші кезектегі мәселе екендігіне тоқталып, бұл бәсекеге қабілетті ұлт құрудың негізі екендігін атап өтті.

- Бізге идеяға бай, жаңашыл өз ісінің мамандары керек. Оның сыры сапалы білімде жатыр. Сондықтан біз сіздерге, қымбатты ұстаздарға үлкен үміт артамыз, - деді Кәрім Көкірекбаев.

Облыс әкімі оқытушылар құрамының кәсібилігінің арқасында қол жеткізген өңірлік білім берудегі маңызды жетістіктерге тоқталды. Халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 116 медальға қол жеткізген жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған мұғалімдердің еңбектерін ерекше атап өтіп, алтыншы жыл қатарынан «Үздік олимпиадалық команда» атағына ие болған облыс оқушыларына алғыс айтты. Сондай-ақ, шығармашыл ұстаздарды ынталандыру мақсатында облыс әкімінің арнайы гранттарын құруды ұсынып, 3-4, 6-9, 10-сыныптарда оқитын мектеп оқушыларының білім деңгейін тәуелсіз бағалау және мектептегі білім сапасын бағалаудың аймақтық моделін құру қажеттілігін атап өтті.

 Өз сөзінде аймақ басшысы ҰБТ қорытындысы бойынша мектеп басшыларына бірқатар сыни ескертулер айтты. Үш жыл қатарынан көптеген мектептер төменгі сатыдан көрініп келеді. Биылғы ҰБТ қорытындылары облыс мектептері түлектерінің білім сапасын бағалауда елеулі айырмашылықтарды көрсетті. Бұған нөлдік нәтижелердің болуы мен математикалық сауаттылықтағы төмен көрсеткіштер дәлел. Қолданыстағы заңнаманың шеңберінде, жалпыға бірдей бекітілген ережелерді бұзбай аралық аттестаттау мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
- 2019 жылдан бастап оқушыларды үш тілде оқытуды ескере отырып, облыстың кейбір мектептерінде пилоттық режім жүргізілуде. Эксперименттік жұмысқа тағы бір мектеп қосылды. Жаратылыстану-математикалық бағытты ағылшын тілінде меңгеру үшін мұғалімдер арнайы курстардан өтуде. Біздің облыста бұл мамандар М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-да дайындалуда. Бұдан басқа, біз пилоттық режімде мемлекеттік-жекешелік серіктестік негізінде үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің ашылуын жоспарлап отырмыз, - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, аймақ басшысы облыстың мектептерінде компьютерлік орталықтарды жаңартуға және WI-FI арқылы жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған шараларды қабылдауды және облыс орталығындағы барлық мектептерде робототехникаға арналған дизайнерлерді әзірлеуді тапсырды. Салтанатты шара соңында еңбегі ерен мұғалімдердің жұмысы аталып өтіп, облыс әкімінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар
telegram