Кәрім Мәсімов, Әділбек Жақсыбеков, Дәурен Абаев Халықаралық марафонға қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Астанада 27 тамыз күні, таңертеңгі сағат 7.30-да Халықаралық марафон басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Марафоншылар үш қашықтыққа жүгіреді - 2017 метр, 10 км және 42 км 195 метр. 42 шақырымды еңсерген қатысушы бас жүлде - 4,5 млн теңгені алатын болады. Тағы тоғыз орынға арнайы жүлделер белгіленген.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистермен кездесті.  Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Астана халықаралық марафонына арналған баспасөз конференциясына ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Әлімов, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің атқарушы директоры Гун Цзяньвей және ҚР Жеңіл атлетика федерациясының бірінші вице-президенті Эльдар Табанов қатысты.

«Халықаралық марафонға ШЫҰ-ға мүше әрбір мемлекеттен жалпы 15 кәсіби спортшы келеді. Бүгінде 5600 адамнан өтініш келіп түсті. Марафонға кәсіби спортшылармен қатар лауазымды және белгілі тұлғалар да қатысады. Мысалы Әділбек Жақсыбеков және Кәрім Мәсімов 42 км қашықтықты бағындыруға ниетті. Ал сіздердің әріптестеріңіз - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 10 км жүгіреді. Әрине, өзім де 10 км жүгіріп өтуді жоспарлап отырмын, - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ Астана көшелерімен Қанат Ислам, Бақтияр Артаев, Болат Жұмаділов, Александр Винокуров сынды белгілі спортшылар жүгіріп өтеді.

Марафон аясында қала көшелерінде мәдени шаралар да жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар