Кәрім Мәсімов Алматы әкіміне тапсырма берді

АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАҚпарат - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Алматы әкіміне тапсырма берді.
None
None

«Үйлерді сүруге байланысты айтарым. Алматы әкіміне мәселенің мән-жайын анықтап, маған есеп беру туралы тапсырма беремін», деп жазды К.Мәсімов Twitter.-дегі микроблогында.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Тастақ» ықшамауданында ресми алдын ала ескертусіз, экскаватормен тұрғын үйлердің бірі жиһазымен қоса сүріп тасталған. Жеке сектордың жері көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына берілген болып шықты.

Соттың шешімімен үйі жермен-жексен етілген Раиса Цой бүгін түнде ауруханаға қайтыс болды. Орын алған оқиғаның салдарынан ол жүрек талмасына ұшырап, ауруханаға түскен болатын. Р.Цойдың үйі бірінші болып сүріп тасталған. Бір сәттің ішінде ол барлық дүние-мүлкінен айырылып қалды. Оқиғаның оған қатты ауыр тигені соншалық, жүрегі сыр берген.

Дерек көздің ақпараты бойынша, үйі сүріп тасталған тағы бір азамат көз жұмған. Демікпемен ауыратын зейнеткер, оқиға салдарынан жағдайы күрт нашарлап, кешірек қайтыс болған.

Соңғы жаңалықтар