Кәрім Мәсімов Алматының Қысқы Азия ойындарына дайындығын тексерді

АЛМАТЫ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Алматының Қысқы Азия ойындарына дайындығына орай халықаралық шаңғы трамплині кешенінде болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Премьер-Министр ең алдымен кешеннің техникалық жағдайымен, инфрақұрылымымен танысты. Үкімет басшысын осындағы жұмыс барысымен таныстырған қала әкімі Ахметжан Есімов бұл нысанның өзінің жеке бақылауында екенін, құрылыстың мерзімінде аяқталатынын атап өтті.Осындағы құрылыс жұмыстары сәуір айында басталған болатын. Содан бері ауқымды істер атқарылған. Қазіргі кезде инженерлік жүйелер мен жерасты жұмыстары жасалып, металл конструкциялар қойылып біткен. Сондай-ақ кешен аумағындағы стадион құрылысы да аяқталуға таяу. Жас шаңғышылар мектебі, спорт залы мен алты жолақты жабық бассейн салынуда. Ал негізгі шаңғымен секіретін тұғырлардың астындағы төбелер қатайтылып, к-125, к-90 тұғырларының іргесі құйылуда. Сондай-ақ жасанды қар үшін су қоймасы мен екі қосымша сақтау орны, сорғы стансысы салынып біткен. Бұлармен қатар 295 метрлік аспалы жол мен 5 шаңғымен секіру тұғырының құрылысы да бітуге жақын. Қала әкімінің айтуынша, Азия ойындарына дейін-ақ мұнда халықаралық сайыстар өткізіледі.
Соңғы жаңалықтар
Референдум