Кәрім Мәсімов аты аңызға айналған триатлоншы Крис Маккормакпен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов триатлон бойынша жарыстың 14 дүркін жеңімпазы атақты Ironman Крис Маккормакпен кездесті.

Кәрім Мәсімов аты аңызға айналған триатлоншы Крис Маккормакпен кездесті

«Кітабын оқып, өте керемет адаммен жолықтым», - деп жазды  Мәсімов   Instagram-ға.

Жазылушылардың арасында  «темір адам» - триатлон бойынша әлемдегі жалғыз 14-дүркін жеңімпаз Крис Маккормактың жанкүйерлері  көп болып шықты. Олар өмірбаяндық кітабында өз пікірлерін білдірген.

Көпшілігі мұндай адамдардың тарихы спорттағы  ғана емес, өмірдегі, мансабындағы жетістіктерімен ынталандыратынын атап өткен.