Кәрім Мәсімов Дмитрий Медведевпен шекаралас өзендер мәселелерін талқылайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі ресейлік әріптесімен шекаралас өзендер мәселелерін талқылайды. Бұл туралы Кәрім Мәсімов Twitter-дегі парақшасында жазды.

Кәрім Мәсімов Дмитрий Медведевпен шекаралас өзендер мәселелерін талқылайды

«Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Д. А. Медведевпен алдағы кездесуде шекаралас өзендер мен Жайықтың табанын тереңдету мәселелерін талқылаймын», - деп жазды Қазақстан Премьер-Министрі Атырауда ҚР балық өнеркәсібін дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары бойынша кеңестен кейін Twitter-дегі жеке аккаунтында.

ЕАЭО елдері үкімет басшыларының кездесуі Сочиде 12 тамызда өтеді, деп хабарлады pm.kz.