Кәрім Мәсімов «Е-терезе» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін құру тұжырымдамасын ҚР Үкіметінің қарауына енгізуді тапсырды
АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» («Е-терезе» ЫАЖ) ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін құру үшін ұсыныстар әзірлеу бойынша Комиссия отырысын өткізді.
«Е-Терезені» енгізудің мәселелері», - деп жазған К.Мәсімов өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Отырыс барысында 2011-2013 жылдарға арналған «Е-терезе» ЫАЖ құру тұжырымдамасының жобасы және оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары ұсынылып, талқыланды.
ҚР Үкімет басшысы Тұжырымдаманы Үкімет қарауына енгізуді тапсырды.
Толық ақпаратты мына жерден оқи аласыздар: http://pm.kz , сондай-ақ www.facebook.com:80/KMassimov және http://vkontakte.ru/kmassimov .