Кәрім Мәсімов Ішкі істер министріне Қапшағай қаласының әлеуметті желілерінде жазылған жағдайдың мән-жайын анықтауды тапсырды
АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Үкімет басшысы Ішкі істер министріне ғаламтордағы http://kapnetwork.kz. мекен-жайында жарияланған жағдайдың мән-жайын анықтап, есеп беруді бұйырды.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі өзінің Twittter-дегі парақшасына жазған.
«Қапшағай қаласының патрулді-күзет қызметі қылмыскерлерді ұстаудың орнына жергілікті жастармен көңіл көтереді» деген ақпарат қолында алкогольді ішімдік ұстаған күзет қызметінің бір қызметкері қызметтік көлік жанында тұрған, ал келесі бір тәртіп сақшысы қолына қару асынған суреттермен бірге әлеуметтік желіге салынған. «Осының бәрі интернет желісіне салынған, полицияның бұл тірлігін, киген киімін жұртшылық күлкі етпей ме... делінген мақалада.
Бұл жағдай туралы толық ақпаратты мына сілтемені басып, оқи аласызар: http://kapnetwork.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=93:2011-10-11-19-37-52&catid=8:2011-06-20-11-11-57