Кәрім Мәсімов Италиядағы жер сілкінісіне байланысты Маттео Ренциге көңіл айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсміов Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Маттео Ренциге және қайғылы зілзала салдарынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.
«Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Маттео Ренци және қайғылы зілзала салдарынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын», деп жазды Кәрім Мәсімов Твиттердегі парақшасында.
Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы @matteorenzi мен қайғылы зілзала салдарынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын.
— Карим Масимов (@KarimMassimov) 24 августа 2016 г.