Кәрім Мәсімов Кабулдағы жарылысқа байланысты Ауғанстан Премьер-Министріне көңіл айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Кабул қаласында болған жарылысқа байланысты көңіл айтты.
«Кабулдағы қайғылы оқиғаға орай Ауғанстан Премьер-Министрі Абдолла Абдоллаға және қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын», - деп жазды Кәрім Мәсімов Твиттердердегі жеке парақшасында.
Еске сала кетейік, 23 шілдеде Ауғанстан астанасы Кабулда жарылыс болып, 60-тан астам адам қаза тапты, 207 адам жараланды.