Кәрім Мәсімов қазақстандық футболшылар мен жанкүйерлерді Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығуымен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәрім Мәсімов қазақстандық футболшылар мен жанкүйерлерді Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығуымен құттықтады, деп хабарлады Pm.kz.

Кәрім Мәсімов қазақстандық футболшылар мен жанкүйерлерді Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығуымен құттықтады

«Астана» ФК жеңісі туралы ҚР Премьер-Министрі өзінің Twitter-аккаунтында жазды.

Карим Масимов ✔ @KarimMassimov

"Астана" ФК @fca_kz және барлық жанкүйерлерді Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығуымен құттықтаймын! Алға #КАZ! #Тәуелсіздікке25жыл

БАТЭ белорус командасымен екі матчтық сайыстың қорытындысы бойынша «Астана» елордалық футбол клубы Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шықты. Бірінші сайыста қазақстандық футболшылар БАТЭ командасын 2:0 есебімен жеңді. 2:2 есебімен өткен екінші жауапты матч «Астана» ФК-на ойынды топтық кезеңде жалғастыруға мүмкіндік берді.

УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңінде жеребе тарту 26 тамызда Астана уақыты бойынша 17:00-де өтеді.