Кәрім Мәсімов Кенесары ханның басын Қазақстанға қайтару туралы мәселені көтереді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Кенесары ханның ғана емес, Кейкі батырдың да басын қайтару туралы мәселені көтеруді жоспарлауда.

  Кәрім Мәсімов Кенесары ханның басын Қазақстанға қайтару туралы мәселені көтереді

Бұл туралы ол Твиттерде жазды.

Хабарлама мәтінінде  «Д.А.Медведевпен кездесуде Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын қайтару мәселесін көтеруді жоспарлап отырмын», делінген.