Кәрім Мәсімов Конституция күнімен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады.
«Барша отандастарды Конституция күнімен құттықтаймын! Бейбіт өмір, амандық және еліміздің игілігі жолында жаңа табыстар тілеймін!» - деп жазды К. Мәсімов өзінің твиттердегі парақшасына.
Мемлекеттің негізгі заңы 1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданып, онда Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, оның ең қымбат қазынасы ретінде - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары белгіленді.
Конституция күні - мемлекеттік мейрам. Бұл күн қазақстандықтар үшін демалыс күні болып саналады. Елімізде дәстүрлі түрде мерекелік іс-шаралар және концерттер өтеді.