11:55, 15 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Кәрім Мәсімов Қорғас өзені арқылы салынып жатқан көпірдің құрылысымен танысты
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Алматы облысына бүгінгі жұмыс сапарының барысында «Қорғас» Халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығына апаратын негізгі көпірдің құрылысымен танысты.

Үкімет басшысы жаға бекітуші құрылғыларды орналастырылудың, халықаралық көлік дәліздерінің жүйесі көрсетілген шекаралық сауда-экономикалық «Қорғас-Шығыс қақпа» аумағының сызбанұсқаларымен, «Жетіген-Қорған» теміржол желісінің жоспарымен танысты.
Қазіргі уақытта «Жетіген-Қорғас» теміржол желісінде 9 шақырым жолдың төсемі салынып біткен. Жұмыс барысымен танысқаннан кейін Үкімет басшысы Қытайға аттанды.