Кәрім Мәсімов Құрбан айт мерекесімен құттықтады
ТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін барша мұсылман қауымды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
«Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Миллиондаған мұсылмандар үшін төзімділік, жақыныңа деген қамқорлық тәрізді жоғары адамгершілік құндылықтарымен маңызды бұл мейрам баршаңызға ырыс-берекесін сыйласын»,- деп жазды Кәрім Мәсімов Twitter-ге.
Дүниежүзі мұсылмандары бұл күндері Құрбан айт мерекесін тойлауда. Биыл Құрбан айт 6-8 қараша аралығында тойланады.