Кәрім Мәсімов Мьянмадағы жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов 24 тамызда Мьянмада болған жойқын жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты.

Кәрім Мәсімов Мьянмадағы жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты

«Мьянманың Мемлекеттік кеңесшісі Аун Су Чжиға және жойқын жер сілкінісінің құрбандары мен зардап шеккендердің отбасыларына  көңіл айтамын», - делінген хабарламада.

Атап өтейік, жерасты дүмпуінің тербелісі 6,8 баллға жетті, оның кіндігі Бирманың ежелгі астанасы болған Паган қалашығынан 25 шақырым жерде  болды. Құрбан болғандар мен зардап шегушілердің нақты мәліметтері түскен жоқ.