Кәрім Мәсімов Малайзия Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разакпен телефон арқылы сөйлесті.Бұл туралы ол Твиттердегі жеке парақшасында хабарлады.
«Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разакпен телефон арқылы сөйлестім», - деп жазды ҚР Премьер-Министрі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, Қазақстан мен Малайзия арасындағы диломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 16 наурызда орнатылды.
1996 жылы Куала-Лумпур қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. Малайзияның Елшілігі 1996 жылғы желтоқсан айында Алматыда ашылды.
Бүгінгі таңда екіжақты қарым-қатынастар аясында, ең алдымен, сауда-экономикалық сипаттағы одан әрі дамуға бағытталған жаңа шаралар кешені жүзеге асырылуда.
Малайзиялық компаниялар энергетика, минералдық ресурстарды алу, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, құрылыс және қаржы салаларындағы біріккен жобаларды жүзеге асыруға ортақ қызығушылық танытуда. Ал Қазақстан тарапынан осы саладағы көшбасшы ретінде исламдық банкингті дамыту бойынша малайзиялық тәжірибеге терең қызығушылығын байқалып отыр.
Барлық құқығы қорғалған.
Pm.kz материалдарын жеке мақсаттан басқа, кез келген жағдайда пайдалану кезінде pm.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.
Pm.kz материалдарын пайдалану кезінде:
- басылым беттерінде немесе қағаз, таспа және т.б. секілді материал тасығыштардың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез материалдардың www.pm.kz веб-сайтынан алынғанын көрсетіп отыруы міндетті.
- Интернетте немесе электронды түрде пайдаланудың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез «www.pm.kz» веб-сайтының басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.