Кәрім Мәсімов Мәскеудегі өрттен қаза тапқан қырғыз азаматтарының отбасыларына көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Мәскеудегі баспаханада болған өрт кезінде қаза тапқан 14 қырғыз азаматының отбасыларына көңіл айтты.

Кәрім Мәсімов Мәскеудегі өрттен қаза тапқан қырғыз азаматтарының отбасыларына көңіл айтты

Бұл туралы К.Мәсімов өзінің Твиттердегі парақшасында жазды.

«29 тамыз Қырғыз Республикасында Аза тұту күні деп жарияланды. Премьер-министр С.Жээнбековке және қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын», деп жазды Премьер-Министр.