Кәрім Мәсімов пен В.Путин Қазақстан мен Ресейдің арасындағы кедендік кедергілер алып тастау мәселелерін талқылады

АНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Twitter-дегі парақшасына: «В.Путинмен телефон арқылы сөйлестім. Кеден одағы және екі елдің арасындағы кедендік кедергілерді алып тастау мәселелерін талқыладық», - деп жазды.

Кәрім Мәсімов пен В.Путин   Қазақстан мен Ресейдің арасындағы  кедендік  кедергілер  алып тастау  мәселелерін талқылады

Айта кетейік, кеден органдары Кеден одағының ішкі шекараларында ішкі бақылауды жұма, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап, Ресей, Беларусь және Қазақстанның Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастырудың кезекті кезеңі аясында бақылауды тоқтатуда, деп хабарланды бүгін www.hm.kz сайтында.

РФ Федералды кеден қызметінің бір-екі күн бұрынғы хабарламасына сәйкес, шекараның ресейлік-қазақстандық бөлігінде кеден органдары кедендік операциялар мен Ресейдің мемлекеттік шекарасы арқылы өтететін таурлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылау бойынша барлық қызметті тоқтатады.

Кеден одағы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Бірыңғай тарифтерді енгізумен қызмет етуін бастады. Одақтың ішкі шекараларында тауарлардың басым бөлігі бойынша өткен жылдың 1 шілдесінен алынып тасталған. Бұл ретте Қазақстан үшін бір жыл ішінде өтпелі кезең әрекет еткен. Сол мерзімде 406 тауарлық топ бойынша төмендетілген импорттық баж салығы қолданылған.