Кәрім Мәсімов Темірлан Шадукаевты Әлем чемпионы атануымен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Темірлан Шадукаевты Әлем чемпионы атануымен құттықтады.

Кәрім Мәсімов Темірлан Шадукаевты Әлем чемпионы  атануымен құттықтады

«Балуан Темірлан Шадукаевты Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтаймын!»  - деп жазды К. Мәсімов Твиттердегі парақшасына.

Темірлан Шадукаев 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атағына ие болды. Оның ақтық сындағы қарсыласы Румынияның балуаны Георгий Влад Мариэ болды. Шадукаев 6:1 есебімен басым түсіп, жеңіске жетті.

Күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Франциядағы Макон қаласында өтті.