Қарин: Сирия мен Ирактан ортаазиялық содырлардың оралу қаупі күшейе түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия мен Ирактан ортаазиялық содырлардың оралу қаупі күшейе түседі. Бұл туралы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарин: Сирия мен Ирактан ортаазиялық содырлардың оралу қаупі күшейе түседі

«Өкінішке орай, біздім пайымызша, 2017 жылы Орталық Азия елдері үшін қазіргі Таяу Шығыстағы жанжалдар тұрғысынан алып қарағанда лаңкестік тәуекел сақталатын болады. Бұған қоса, өңірде радикализмнің өршу қаупі де басым болып тұр. Осыларды ескере келе біз өңірде радикализм алғышарты сақталады деп есептейміз. Сонымен қатар Сирия мен Ирактағы қазіргі ахуалдың өзгеруіне байланысты ортаазиялық содырлардың оралу қаупі де өзектене түседі», - деді Қарин. 

Оның пайымынша, аталған жайттарға байланысты Таяу Шығыстағы жағдайды шешуге тартылған негізгі ойыншылар арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісуі мен Ауғанстандағы ішкі саяси жағдайдың нашарлауы аймақ қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді.