Карина Ибрагимова Өзбекстанда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Ташкентте (Өзбекстан) бокстан әлем кубогының финалдық кезеңі жалғасып жатыр.

Карина Ибрагимова
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова ақтық сынға жолдама алды.

Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Наталья Шадринамен (Сербия) жұдырықтасып, 4:1 есебімен басым түсті.

Осылайша Карина Ибрагимова әлем кубогының алтын жүлдесі үшін бақ сынайды.

ҚР ҰОК мәліметінше, финалдар 3 желтоқсанға жоспарланған.

Айта кетейік, теннисші Аружан Сағындықова Тунистегі турнирде үздік шықты.